Албания астанасы Тирана мен өзге қалаларында студенттер шеруі жетінші күнге ұласты. Жастар үкіметтен оқу ақысын төмендетіп, білімге бөлінетін бюджетті екі есеге көбейтуді талап етіп жатыр. Албанияда орташа жалақы - 350 еуро. Ал, мемлекеттік университеттерде оқу үшін жылына 160 еуродан 2600 еуро дейін төлеуге тура келеді.
Студенттер премьер-министр Эди Рамамен және үкіметтің өзге өкілдерімен кездесуден бас тартып отыр. Айтуларынша, олар талаптары орындалған жағдайда ғана, билікпен диалог жүргізуге әзір. Ал, министрлер кабинетінің басшысы Рама «Facebook»-те мәлімдеме жасап, шерушілердің талаптарымен келісетінін атап өтті.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.