Мұндай шешімді Канада соты қабылдады. 46 жастағы Мэн Ваньчжоуға Канададан кетпеу туралы талап қойылған. Егер Вашингтон оны АҚШ-қа экстрадициялау туралы ресми өтінішті қаңтардың 8-не дейін жібермесе, Ваньчжоу өзіне тағылған айыптан толық босатылады. Ол кепілдікке шамамен 7,5 млн. доллар төлеген.
Естеріңізге салсақ, Мэн Ваньчжоу желтоқсанның 1-де Ванкувер әуежайында тұтқындалды. Оған Иранға қатысты америкалық санкцияларды айналып өтті, ақша жымқырды, салық төлемеді деген айыптар тағылды. Ресми Бейжің мұны жоққа шығарып, Құрама Штаттарға қарсылық білдіріп отыр.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.