Айта кету керек, бұл жағдай екі мемлекеттің арасындағы қарым-қатынас шиленіскен тұста болып отыр. Қытайдың сыртқы істер министрлігінің өкілі Лю Кан мәлімдегендей, канадалық кәсіпкер Майкл Спаров пен дипломат Майкл Ковриг екі қалада ұсталған. Қазір оларға қатысты тергеу жүріп жатыр.
Осы айдың басында Канадада Қытайдың «Huawei» компаниясының қаржы директоры Мэн Ваньчжоу Иранға қарсы санкция ережелерін бұзды деген күдікпен тұтқындалған еді. Ресми Бейжің бұл операцияны қателік деп атап, оны босатуды талап етіп отыр.
Арыстан РЫСБЕК