Мысырда 4400 жыл бойы ашылмаған кесене табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мысырда 4400 жыл бойы ашылмаған кесене табылды

18.12.2018

Мысырда археологтар 4400 жыл бойы адам қолы тимеген моланы тапты. Осы күнге дейін жақсы сақталған кесене ел астанасы Каир маңындағы Саққара деген пирамида кешенінде анықталған. Оның ішінде түрлі-түсті иероглифтер мен перғауындар қалдырған оюлар өте көп. Ол нақыштар Көне корольдіктің бесінші династиясы тұсында осы мавзолейдің патшалық абыз Уәхтиеге және оның анасы мен әйеліне, туыстарына тиесілі болғанын көрсеткен. Ал, қабырғалардағы жазулар сол заманға тән салт-дәстүр мен қолөнерді бейнелеп тұр. Сондай-ақ, ежелгі моланың тастарына  24 алып мүсін қашалып салынған екен. Археологтар келешекте кесене қожайынының саркофагын да табудан үмітті.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу