«Джонсон және Джонсон»​​​​​​​ компаниясының балаларға арналған ұнтағында қатерлі ісік тудыратын зиянды қоспалар болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Джонсон және Джонсон»​​​​​​​ компаниясының балаларға арналған ұнтағында қатерлі ісік тудыратын зиянды қоспалар болған

19.12.2018

 

Американың «Джонсон және Джонсон» компаниясы өзінің балаларға арналған ұнтағында рак ауруына шалдықтыратын асбест барын ондаған жылдар бойы жасырып келген. Мұны «Рейтер» агенттігінің зерттеуі әшкерелеп берді. Осы хабардан кейін америкалық конгломерат акциялары бірден 10 пайызға арзандап, 40 миллиард долларға жуық капитал жоғалтты. Ал, АҚШ сенаторлары «Джонсон және Джонсон» компаниясы құзырлы органдарды алдады ма, оның өнімдері қоғамның денсаулығына зиян тигізді ме деген мәселені тергеуді талап етіп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу