Франция полициясы тағы шерулетті. Бұл жолы олар жұмыс істеуге жақсы жағдайларды қамтамасыз етуді талап еткен. Демонстрацияға жүз шақты тәртіп сақшысы қатысты.
Ал, бұған дейін полиция кәсіподақтары мен үкімет полиция қызметкерлерінің жалақысын көбейту, жұмыс уақытынан үстеме сағат жұмыс істегендерге қосымша ақы төлеу туралы келісімге қол қойған еді.
2020 жылға таман француз полициясының айлық жалақысына 150 еуро қосылады. Ал, бұл жолы шерулеткен тәртіп сақшыларының сөзінше, еңбекақыны өсірумен бірге жұмыс істеу жағдайларын жақсарту маңызды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.