Чехияда көмір кенішінде болған жарылыстан қаза тапқандар саны 13-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чехияда көмір кенішінде болған жарылыстан қаза тапқандар саны 13-ке жетті

21.12.2018

Чехияда көмір шахтасындағы жойқын жаралыстан қаза тапқандардың саны 13-ке жетті. Кемінде 10 адам жараланған. Із-түзсіз жоғалып кеткендер де бар. Соңғы деректерге қарағанда, құрбандардың көбі - кеншілер. Оқиға Карвин қаласы маңындағы шахтада 800 метр тереңдікте болды. Онда метан жарылған. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, іздеу-құтқару операцияларына жарылыс кесірінен басталған өрт кедергі келтірді. Ел премьер-министрі Андрей Бабиш оқиға орнына барып, істің мән-жайымен өзі танысып қайтуды жоспарлап отыр.  

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу