Үкімет басшысы отставкаға кететінін патшаға сейсенбі күні мәлімдеген. Үш күн бойы түрлі партия жетекшілерімен кездесуден кейін король бүгін өз шешімін жария етті. Елде әзірге кезектен тыс сайлау болмайды. Мамырда өтетін жоспарлы сайлауға дейін Шарль Мишельдің үкіметі уақытша міндеттерін атқара бермек. Дегенмен, үкімет парламенттің келісімінсіз ешқандай шешім қабылдай алмайды. Тек күнделікті мәселелермен ғана айналысады. Патша Филипп үкімет пен парламентке ел тыныштығы мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған барлық шараларды өзіне тікелей баяндап отыруды тапсырды.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.