Барселонада үкіметке қарсы шеру полициямен қақтығысқа ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Барселонада үкіметке қарсы шеру полициямен қақтығысқа ұласты

21.12.2018

Испанияда Каталония мәселесі тағы да күн тәртібіне шықты. Барселона қаласында мыңға жуық адам осы провинцияның тәуелсіздігін қолдап шеруге шығып, соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Бұл наразылық акциясы Испанияның министрлер кабинетінің кездесуіне орай ұйымдастырылған. Демонстранттар 20-ға жуық жолды жауып, тәртіп сақшыларына тас лақтырған. Бірнеше адам жарылғыш затты іске қоспақ болды деген күдікпен тұтқындалды. Соңғы деректерге қарағанда, шеру кезінде тәртіпсіздіктер күшейіп, жергілікті арнаның журналисі пен операторы соққыға жығылған.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу