Индонезияда вулкандық цунамиден зардап шеккен ауданға ел президенті барды. Мемлекет басшысы Джоко Видодо Ява жағалауындағы Панденгланг ауданындағы жағдайды өз көзімен көрді. Соңғы деректерге қарағанда, жексенбінің түніне қарағанда болған цунами құрбандарының саны 280-ден асты. 1000-ға жуық адам жараланып, 1200-ден астамы эвакуацияланған. Жүздеген баспанаға зақым келді. Құтқарушылардың сөзінше, теңіз толқындары 2-3 метрге дейін көтерілуіне Анак-Кракатау жанартауының атқылауынан кейін жүрген сел себеп болса керек. Тағы бір мәліметтерге сай, Индонезияда жақындап келе жатқан цунамиді ерте ескерту жүйесі ескіргендіктен, жөнді жұмыс істемейді. Сол себепті, табиғи апаттың болатынын адамдарға уақытынан бұрын хабарлау мүмкін болмаған. Мамандар болса, алдағы уақытта Суматра аралында цунами қайтадан соққы беруі мүмкін екенін ескертті.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.