Бұл BBC-дің келтірген соңғы мәліметтері. Қазір алапат апаттан зардап шеккендерге барынша көмек беріліп жатыр. Жараланғандар саны 1500-ге жуықтап, 128 адам әлі із-түзсіз кеткендердің қатарында. Іздеу-құтқару операциясы жалғасуда. Оған жүздеген маман тартылды.
Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, алапат табиғи апаттан жүздеген үй қирады.
Ел президенті Джоко Видодо апаттан зардап шеккен Ява жағалауындағы Панденгланг ауданына барып қайтты. Соңғы деректерге қарағанда, 12000-нан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Ал, теңіздегі толқынның 2-3 метрге дейін көтерілуіне Анак-Кракатау жанартауының атқылауынан кейін жүрген сел себеп болуы мүмкін.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.