Тағы 20-дан астам адам жараланған. Құрбандардың қатарында бір офицер бар. Соңғы мәліметтерге қарағанда, жанкешті көпқабатты ғимарат алдында көлігін жарып жіберген. Жойқын жарылыстан кейін, 3 адам үкімет үйіне басып кіріп, қызметкерлерге оқ жаудырған. Ғимараттан 360-қа жуық адам эвакуацияланып үлгерді. Шабуыл кезінде кейбір кеңсе қызметкерлері бөлмелерінен шықпай, қауіпсіздік мақсатында қамалып отырған. Олардың біреуі полицияға хабар бергені белгілі болды. Әзірге шабуылды нақты қай қарулы ұйым жасағаны белгісіз.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.