1,5 мыңдай адам жараланып, 150-і із-түзсіз жоғалып кеткен. Құтқарушылар оларды тірі табудан үмітті. Іздеу жұмыстарына армия бөлімшелері, полиция, еріктілер және табылмаған жандардың жақындары қосылған.
«Цунамиге Анак Кракатау жанартауының атқылауынан болған жерасты дүмпуі себепші» деген пікір айтылып жатыр. Табиғи апат кезінде вулканның өзі жартылай опырылып түскен.
Цунамидің соққысынан 16 мың тұрғын үйсіз қалды. Сонымен бірге, жағалау маңында тұратын адамдарға үйлеріне бармауға кеңес берілді. Себебі, Ява және Суматра аралдарында теңіз толқыны қайта көтерілуі мүмкін деген қауіп сейілмей отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.