Сицилияда жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сицилияда жер сілкінді

26.12.2018

Бүгін Италияның Сицилиясында жер сілкінді. Оның магнитудасы 4,8 баллға жеткен. Одан бірнеше ғимарат зақымданып, 30-ға жуық адам жеңіл-желпі жараланған. Олардың 10-ы госпитальге жеткізілді. Талай тұрғын үйлерін тастап, далаға қашты.

Зілзала Еуропаның ең белсенді вулканы – «Этнаның» маңында болған. Айта кетсек, бұл жанартау осыдан екі күн бұрын атқылап, жан-жағына от пен күл шашқан. Соның салдарынан Катания әуежайы жұмысын уақытша доғарып, ұшақтар сапарға аттанбады.

Арыстан РЫСБЕК 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу