Жапония 2019 жылы Кит аулау жөніндегі халықаралық комиссиядан шығатынын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапония 2019 жылы Кит аулау жөніндегі халықаралық комиссиядан шығатынын жариялады

26.12.2018

Мұны осы ел үкіметінің хатшысы Есихида Суга осыдан бірнеше сағат бұрын мәлімдеді. Оның сөзінше, аталған комиссияға кіретін кейбір елдер киттердің көптігін растайтын ғылыми деректерді жоққа шығарып, позицияны жақындатуға әзірлік танытпай отыр. Сонымен қатар, хатшының айтуынша, Жапония киттерді коммерциялық мақсатта аулауға шілде айында кіріседі.

Мұндай кәсіпке 1986 жылы тыйым салынды. Өйткені, сол кезге дейін киттердің кейбір түрлері түгелдей жойылып кеткен. Жапония болса, оларды тек ғылыми мақсатта аулайды екен. Алайда, Күншығыс елінің дүкендерінде киттің еті жоғалып кеткен жоқ. Айта кетсек, жапондықтар кит етін тұтынуды мәдениетінің бір бөлігі деп есептейді.

«Гринпис» ұйымы мен Австралия үкіметі Жапония басшылығын бүгінгі шешімді өзгертуге шақырып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу