Шектеудің ұзартылмайтынын ел президенті Петр Порошенко мәлімдеді. Әскери тәртіптің жариялануына Керчь бұғазында Ресей әскерилері украиналық кемелерге оқ атып, олардың экипажын қамауға алуы себеп болған еді. Мәскеу бұл кемелер Ресейдің суларына рұқсатсыз кірді деп айыптады. Ал, Киев болса, бұғазды кесіп өту үшін украиналық кемелерге Ресейдің рұқсаты керек емес деп мәлімдеді. Әскери жағдай енгізілген кезде, Украинаға әскер жасындағы Ресей азаматтарының кіруіне тыйым салынып, атомдық электр станциялары мен Қара теңіз порттарында қауіпсіздік күшейтілді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.