Мысырдың бұрынғы екі президенті сот залында кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мысырдың бұрынғы екі президенті сот залында кездесті

27.12.2018

90 жастағы Хосни Мүбарак Мұхаммед Мүрси мен оның сыбайластарына қарсы куәгерлік етті. Айта кетсек, Мүбарак 2011 жылғы революциядан кейін 6 жыл түрмеде отырып, демонстранттарды қырғынға ұшыратты деген кінәдан ақталып, былтыр наурызда қамаудан босатылды.

Мүбарак сотқа екі ұлымен келіп, қарсыластарының қылмыстары туралы 1,5 сағат бойы сөйлеген. Ал, экс-президент Мүрси мен «Мұсылман бауырлар» қозғалысының мүшелері Мүбаракқа наразылықтарын залдағы темір тордың ар жағынан білдірді.

Мысырдың қазіргі президенті генерал Әбдел Фаттах әс-Сиси «Мұсылман бауырлар» билігін 2013 жылы құлатып, оның жүздеген мүшесін өлім жазасына кесті. Мүрсидің өзі шерушілерді өлтірді деген айыппен 20 жылға, Катар мемлекеті үшін шпиондық жасады деген баппен 25 жылға сотталды.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу