Австрияда белгісіз біреулердің шіркеуді тонауы кезінде 5 монах жараланған. Олардың біреуі ауыр халде. Мұны Австрия полициясы мәлімдеді. Оқиға ел астанасы Венада болған. Екі ер адам діни орынға басып кіріп, діни қызметкерлерді үш сағаттан 4 сағатқа дейін байлап қойып, олардан ақша және бағалы заттарды талап еткен. Қылмыскерлердің бұл әрекетке не себепті барғаны белгісіз. Полиция оқиғаның терроризммен байланысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Ал, шіркеуге шабуыл жасағандар әлі қолға түскен жоқ.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.