Сауд Арабиясы үкіметінде ауыс-түйіс. Бүгін түскен мәліметке қарағанда, Сыртқы істер министрі болып бұрынғы Қаржы министрі Ибрахим әл-Ассаф тағайындалды. Ол былтыр коррупцияға қарсы науқан кезінде аз уақытқа тұтқындалған. Кейбір сарапшылардың ойынша, бекзада Мұхаммед бин Салман жаңа министрдің көмегімен журналист Джамал Хашоггиді Саудия үкіметі өлтірмегеніне, Батыстың көзін жеткізбек. Айта кетсек, Хашогги қазан айының басында Саудияның Стамбұлдағы консулдығында мерт болды. Содан бері әр-Риядқа халықаралық қысым күшейіп келеді. Ал, ақырын сөйлейтін бұрынғы Сыртқы істер министрі Әдел әл-Джубейр лауазымы төмендетіліп, Сыртқы мәселелер жөніндегі мемлекеттік министр атанды.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.