Қостанайлық кондитер өнімдерінің экспорты артып келеді. Бүгінде аймақтағы «Баян сұлу» фабрикасының тауарын әлемнің 10-нан астам елі тұтынып отыр.
Фабрикада жылына 40 мың тоннадан астам өнім өндірсе, соның 36 пайызы алыс-жақын шетелдерге экспортталады.
Кәсіпорын техникалық құрылғыларын жыл сайын жаңартып, жетілдіріп отырады.
Кәсіпорын ұжымының алдағы мақсаты – қазақстандық брендті қалыптастырып, өнімдерін әлем бойынша танымал, өтімді тауарға айналдыру.
Дәуренбек ӘБДІБЕК