Болгариядан сүйінші хабар. Ел астанасы Софияда «Астана» көшесі ашылды. Бұл Болгар үкіметінің елорданың 20 жылдығына тартуы әрі екі ел арасындағы достықтың куәсі. Көшенің ашылу салтанатына Болгария Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Парламент депутаттары, София қаласы әкімінің орынбасары қатысты. Еліміздің Болгариядағы дипломатиялық миссиясының басшысы Теміртай Ізбастин жиналғандарға елорданың тыныс-тіршілігі жайлы баяндады. «Астана» көшесі Софияның ең көрікті жерінде орналасқан. Көше бойында екі ұлттық мұражай, мәртебелі меймандар тоқтайтын 5 жұлдызды қонақ үй мен «Еуропалық Одақ» метро-станциясы орналасқан. Сол ғимараттардың барлығына «Астана» көшесі деп жазылған тақтайшалар ілінді. Шараға жиналғандар бұл оқиға қазақ-болгар қатынасының дамуына, көпшіліктің Астананы көруге деген қызығушылығын арттырады деген сенімде.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.