Мәскеуде мұз мүсіндер фестивалі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде мұз мүсіндер фестивалі өтуде

07.01.2019

Көршілес Ресей Жаңа жылды әлі тойлап жатыр. Мерекеге орай, түрлі концерттік шаралар мен ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылған. Мәселен, Мәскеу қаласындағы орталық саябақта мұз мүсіндер фестивалі өтуде. Ол үшін Ресей астанасына Байкал көлі мен Архангельск облысындағы өзге де көлдерден 2 мың тонна мұз арнайы әкелінген. Осымен төртінші рет болып жатқан фестивальдің биылғы тақырыбы әлемдегі тарихи ғимараттарға арналды. Сондықтан, мұз қалашығына келген жұрт бұл жерден Мәскеу Кремлінің, Қытайдағы Император сарайының, Хеопс пирамидасының, Тәж-Махалдың және Колизей сынды тарихи ғимараттардың мұздан қашалған көшірмесін көре алады. 

Евгений Гоманов, мүсінші:

- Мұндағы әрбір мүсінді жасап шығу оңай болған жоқ. Себебі, көпшілігі әлемге танымал ғимараттар мен ескерткіштер. Сондықтан, олардың архитектуралық ерекшелігін сақтауға, мейлінше ұқсас қылуға тырыстық. Оның үстіне, мүсіндердің көлемі үлкен болғандықтан, биікте жұмыс істеу де, бізді біраз әбігерге салды.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу