Осыдан бірнеше сағат бұрын Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын жұбайымен Бейжіңге барды. Ким мұнда қаңтардың 10-на дейін болып, саммитке қатысады.
Кейбір бақылаушылардың ойынша, Солтүстік Корея басшысы осы жылдың басында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі мүмкін. Сол келіссөздер қарсаңында оған Қытаймен позициясымен үйлестіру қажет болып отыр. Айта кету керек, Вашингтон мен Пхеньян бүгінде Корей түбегін ядролық қарудан тазарту мәселесінде толық келісе алмай келеді. Ким Чен Ын Құрама Штаттар санкцияны жеңілдетпесе, Солтүстік Кореяға қысым жасауды доғармаса, басқа жолды таңдайтынын ескертіп отыр.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.