Испания полициясы Еурополдың көмегімен 83 адамды тұтқындады. Қамалғандарға теннистен алдын ала келісілген матч ұйымдастырды деген күдік туындап отыр. Ұсталғандардың ішінде 28 кәсіби теннисші бар. Еуропа одағының полиция қызметі мәлімдегендей, бұл топ ойыншыларды сатып алу жолымен көлденең табыс тапқан. Сонымен қатар, олар заңсыз ақша үшін халықаралық және ұлттық матчтарға әдейі барып, сол спортшылардың шартты орындауын қадағалап отырды.
Арнайы операция кезінде 167 мың еуро, несие карталары, тапанша, 50 электрондық құрылғы, бес қымбат автомашина тәркіленіп, 43 банктік есепшот жабылды.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.