Түрік лирасы құнсыздана бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрік лирасы құнсыздана бастады

14.01.2019

АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия сириялық күрдтерде шабуыл жасаса, оның экономикасын теңселтемін деп ескерткеннен кейін түрік ақшасы құнсыздана бастады. Бүгін түскен мәліметке қарағанда, жұма күні 5,45 лираға сатылған доллардың бағамы бүгін 5,54 лираға дейін көтерілген. Сонымен қатар, Стамбул биржасындағы БИСТ-100 индексі 1,1 пайызға төмендеді. Айта кетсек, Түркияның ұлттық валютасы өткен жылы 30 пайызға жуық құлдырағаны белгілі.

Еркем Топуз, Стамбул тұрғыны:

- Түркия онсыз да экономикалық тұрғыдан зардап шекті. Америкалықтар бұдан артық зиян келтіре алмайды. Біз осындай қауіппен көптен бері өмір сүріп жатырмыз. Нарықтағы жағдайды көріп отырсыз.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу