Қытай соты Канада азаматын өлім жазасына кесті. Өйткені, ол заңсыз есірткі тасымалдап, қолға түскен. Айта кетсек, кейінгі кездері екі мемлекеттің қатынасы қиындап кетті. Оған Канадада Қытайдың «Хуавей» компаниясы қаржы директорының тұтқындалуы және Қытайда екі канадалықтың қамалуы себепші.
Роберт Шелленберг бұл мемлекетке 222 келі метамфетамин есірткісін енгізгені үшін сотталып жатыр. Оған аппеляциялық шағым жазуға 10 күн уақыт берілді.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.