Ресейде халықтың 53 пайызы Үкіметтің отставкаға кеткенін қалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде халықтың 53 пайызы Үкіметтің отставкаға кеткенін қалайды

15.01.2019

Ресейліктердің 53 пайызы премьер-министр Дмитрий Медведев бастаған үкіметті отставкаға жіберу идеясын қолдайды. Мұны «Левада-центр» ұйымы жүргізген сауалнама қорытындысы көрсетіп берді. Оның мәлімдеуінше, осылайша министрлер кабинетінің жұмысына риза емес тұрғындар саны рекордтық деңгейге жетіп отыр.

Ресейліктердің көбі Медведев үкіметі бағаның өсуі мен табыстың төмендеуін тоқтата алмады, азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге қауқарсыз, экономикалық дағдарысты еңсеруге дәрменсіз деген пікірде екен.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу