Британ парламенті бүгін Еуропа одағынан шығу-шықпау мәселесін шешеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Британ парламенті бүгін Еуропа одағынан шығу-шықпау мәселесін шешеді

15.01.2019

Ұлыбритания Еуропа одағында қала ма, қалмай ма? Бүгін корольдіктің қауымдар палатасы осы мәселені шешуі керек. Дәлірек айтсақ, парламент елді одақтан шығару туралы келісім жобасынан бас тартуды жоспарлап отыр. Бұл құжатты премьер-министр Тереза Мэй ұсынған-ды. Алайда, ол депутаттардың көбінің көңілінен шықпады. Егер бүгін аталған палата «Брексит» жобасына қарсы дауыс беретін болса, Мэй отставкаға кетуі мүмкін. Содан кейін жаңа референдум өткізуге немесе одақпен ажырасу жайлы өзге келісім әзірлеуге тура келеді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу