Белградта үкіметке қарсы ауқымды шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Белградта үкіметке қарсы ауқымды шеру өтті

17.01.2019

Сербия астанасы Белградта ауқымды шеру өтіп, оған сан мың адам қатысты. Халық косоволық сербтердің лидері Оливер Ивановичті еске алу үшін көшеге шыққан. Ол былтыр өлтірілді. Бірақ, наразылық акциясында үкіметке қарсы ұрандар айтылды. Демонстранттардың сөзінше, билік Ивановичтің жанын қиған қылмыскерлерді жасырып отыр.

Белградта ауқымды шеру желтоқсанның 8-нен бері жетінші рет ұйымдастырылып отыр. Жергілікті тұрғындар бұған дейін әділ сайлау мен сөз бостандығын талап еткен- ді.

Айта кетсек, осы жолғы митинг Белградқа Ресей президенті Владимир Путиннің сапары қарсаңында өтті. Ал, Кремль басшысымен кездесуі тиіс президент Александр Вучич елді Еуропа одағына кіргізуді мақсат ете отырып, православтық Ресеймен жақын қарым-қатынасты сақтап қалғысы келеді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу