Богота қаласында көлік жарылып, 10 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Богота қаласында көлік жарылып, 10 адам қаза тапты

18.01.2019

Жараланғандардың саны 54-ке жетіп отыр. Оқиға қаланың оңтүстігіндегі полиция мектебінің жанында болған. Машинаны жарған адамның 57 жастағы азамат екені анықталды. Алайда, әзірге ешқандай ұйым жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Колумбия президенті Иван Дюке шабуылды «есалаң террористік акт» деп сипаттап, оны ұйымдастырғандарды жауапқа тартатынын ескертті.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу