Испанияда қаңтардың 13-інде тереңдігі 100 метр құдыққа түсіп кеткен 2 жастағы баланы құтқару операциясы жалғасып жатыр. Мамандар бұл жұмыстың шешуші кезеңіне жеткенін мәлімдеді. Олар құдықтың жанынан тікесінен туннель қазған. Содан кейін жер астында бірінші құдыққа апаратын 4 метрлік көлденең жол салынады. Оны қазу үшін кемінде 20 сағаттай уақыт керек екен. Испандық инженерлерге 8 жыл бұрын Чилиде 69 күн бойы шахтаның астында қалған 33 кеншіні құтқарған швециялық фирма көмектесіп жатыр.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.