«Қазақстан темір жолы» компаниясының 25 активі саудаға шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан темір жолы» компаниясының 25 активі саудаға шығарылды

14.11.2014
«Қазақстан темір жолы» компаниясының 25 активі саудаға шығарылды

«Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында Үкімет жекешелендірудің кешенді бағдарламасын қабылдағаны белгілі.

Осыған орай, біздің компанияның Директорлар кеңесі жекеменшік секторға беруге болатын 34 кәсіпорынның тізімін айқындаған еді.

Бұл кәсіпорынның ішінде 25 нысан жыл аяғына дейін жекешелендіруге жатады, олардың 22-сі бойынша сату тәсілі ашық электрондық конкурс бойынша өтеді. Қалған 3 нысан ашық екі кезеңдік конкурспен жүзеге асады деді» - вице-президент.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу