Филиппин аралдарының оңтүстігінде жексенбіде екі бірдей жарылыс болды. Бомбаның екеуі де Холо қаласындағы рим-католик шіркеуінде іске қосылған. «Рейтердің» хабарлауынша, лаңкестік әрекеттен кемінде 20 адам қаза тауып, 80-нен астамы түрлі жарақат алды. Қолдан жасалған жарылғыш заттың біреуі шіркеудің ішінде, екіншісі кіреберісінде жарылған. Қаза тапқандардың арасында бейбіт тұрғындармен қоса, әскерилер де бар. Әзірге шабуылды ешқандай топ мойнына алған жоқ. Дегенмен, кейбір сарапшылар аралдық мемлекеттің осы өңірінде «Абу Сайяф» атты лаңкестік топтың белсенділік танытып жүргенін мәлімдеді.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.