Грекияда соңғы он жылда алғаш рет минималды жалақы 11 пайызға өсті. Негізгі айлық мөлшерлеме 586 еуродан 650 еуроға көтерілуі тиіс. Бұл өзгеріс елдің 600 мыңнан астам тұрғынын қамтымақ. Грекия үкіметінің басшысы Алексис Ципрас аталған шара елдегі экономикалық дағдарыстан қатты жапа шегіп, табысы төмендеп кеткен адамдар үшін жасалып отыр деп мәлімдеді. Ең төменгі жалақыны өсірумен бірге премьер-министр қатаң үнемдеу шараларынан біртіндеп бас тартуға бағытталған әлеуметтік реформалардың қабылданатынын да атап өтті.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.