Израиль аcтанасы Тель-Авивте полицияның дөрекілігіне қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль аcтанасы Тель-Авивте полицияның дөрекілігіне қарсы шеру өтті

31.01.2019

Наразылық акциясына мыңдаған эфиопиялық қатысқан. Демонстрацияның басталуына Израильде тұрған 24 жастағы эфиопиялық жігіттің полиция қызметкерінің қолынан қаза табуы себепші. Дегенмен, жергілікті ақпарат құралдары оқиға кезінде марқұмның қолында пышақ болған, әрі оның ақыл-есі ауысқан деп жазып жатыр. Бұған наразы топ қаладағы басты жолды жауып, қоқысқа өрт қойған. Тәртіпсіздіктер кезінде 6 полицей жараланып, 11 адам тұтқындалған.

Айта кету керек, қазір Израильде Эфиопиядан шыққан 140 мыңдай адам тұрып жатыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу