Австралияда су тасқыны салдарынан мыңдаған адам эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда су тасқыны салдарынан мыңдаған адам эвакуацияланды

04.02.2019

Австралияның солтүстік-шығысындағы Квинсленд штатында су тасқынына байланысты мыңдаған адам эвакуацияланды. Толассыз жауын салдарынан су деңгейі 2 метрге дейін көтерілген. Сондықтан, штаттың екі ауданында төтенше жағдай жарияланып отыр. Ал, жергілікті билік Росс өзеніндегі бөгеттер толық ашылған соң, «судың ағыны қауіпті әрі өте күшті болады» деп ескертті.

Соңғы жеті күн ішінде Таунсвиль аймағында жауын-шашынның мөлшері рекордтық 1,16 метрге жеткен екен. Салдарынан, тағы бірнеше өзен арнасынан асып кетуі мүмкін.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу