Бүгін – Теңге күні. 1993 жылы дәл осы күні тәуелсіз Қазақстанның төл валютасы айналымға шықты. Тарихи тұлғаларымыз бейнеленген теңгенің алғашқы сериясы Ұлыбританияның ең көне әрі әйгілі «Харрисон және ұлдары» атты фабрикада басылды. Ақшаны елге тасымалдау үшін төрт ИЛ-86 ұшағы Тұманды Альбионға 18 рет барып келді. Қазақ валютасының дизайнын суретші Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов және Қайролла Әбжәлеловтер жасады. Ал, ұлттық валютаны «теңге» деп атауды ұсынған Қазақстанның белгілі ғалымы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Сауық Тәкежанов екенін біреу білсе, біреу білмес. Ұлттық валютаны айналымға енгізу ел тәуелсіздігінің нығаюына, мемлекеттің қаржы-несиелік саясатына орасан зор ықпалын тигізді. Елдің экономикалық және саяси дамуына әсер етті.
Бүгінгі атаулы күнге орай Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов арнамызға эксклюзивті сұхбат беріп, валюта нарығындағы теңге бағамына қатысты ойларымен бөлісті.
Шынар АСАНҚЫЗЫ