АҚШ қолдаған сириялық оппозиция «ДАИШ»-тың соңғы бекінісін шабуылдай бастады. Сирия демократиялық күштері елдің Дейр-әз-Зор провинциясының Ирак шекарасы маңындағы аз ғана территорияны қайтармақ. Одан айырылса, «ДАИШ» қарамағында жер қалмайды.
Операция қарсаңында екі ауылдан 20 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілген. Бұған дейін Вашингтон ескерткендей, экстрермистік топ Сирияда соңғы бекінісінен шамамен екі аптада айырылып, талқандалады. Елдің солтүстігі мен шығысындағы үлкен аумақта «ДАИШ»-қа тойтарыс берген Сирия демократиялық күштерінің айтуынша, оларға «өте тәжірибелі жиһадшылар» қарсылық көрсетіп жатыр.
2014 жылы «ДАИШ» Ирак пен Сирияда Ұлыбританияның аумағындай жерді басып алып, онда халифат жариялап, 7,7 миллион адамға билік етті. Бірақ былтыр желтоқсанда президент Дональд Трамп мәлімдегендей, іс жүзінде «ДАИШ»-тың содырлары қалған жоқ, сондықтан Америка әскері Сириядан шығарылуы керек.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.