АҚШ: Үкімет жұмысы тағы да тоқтатылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ: Үкімет жұмысы тағы да тоқтатылмақ

11.02.2019

АҚШ Конгрессінде демократтар мен республикалықтар арасындағы миграциялық саясат туралы келіссөздер сәтсіз аяқталды. Сондықтан Федералдық үкіметке тағы да жабылу қаупі төніп тұр.

Екі партияны АҚШ пен Мексика шекарасына қорған салуға қаражат бөлу мәселесі дауластырып отыр. Демократтардың сөзінше, қабырға құрылысына ақша жұмсау – босқа шығындалу. Бірақ президент Дональд Трамптың ойынша, шекара жабылса, елде заңсыз мигранттар азаяр еді. Осы дау салдарынан федералдық бюджет қабылданбай отыр.

Естеріңізге сала кетсек, желтоқсанның 22-сінде АҚШ үкіметі өз жұмысын 35 күнге тоқтатып, қаңтардың 25-сінде ашылды. Осы уақыт аралығында 800 мыңдай мемлекеттік қызметкер ақысыз демалысқа кетуге мәжбүр болған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу