Ислам революциясының 40 жылдығы аталып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ислам революциясының 40 жылдығы аталып өтті

11.02.2019

Иранда ондаған мың адам көшеге шығып, АҚШ-қа арқа сүйеген шах билігінің құлауының 40 жылдығын атап өтті. 1979 жылы ақпанның 11-де бұл мемлекетте монархия күйреп, Аятолла Хомейнидің билігі орнады. Хомейни кейін Ислам революциясына жетекшілік етті.

Мерекеге орай президент Хасан Рухани Тегеранның орталық алаңында мыңдаған адамның алдында сөз сөйледі. Мұндай акциялар елдің өзге де қалаларында өтіп, оған жауынгерлер, студенттер, дін қызметкерлері, әйелдер мен балалар қатысып, қолдарына Хомейнидің портретін ұстап шықты.

Ислам революциясының 40 жылдығы тұсында Иранда баға өсіп, азық-түлік тапшылығы сезіліп, инфляция көтеріліп отыр. Айта кетсек, АҚШ осы елмен жасалған ядролық келісімнен былтыр мамырда шығып, Тегеранға қайта санкция жариялады.

Тағы бір айта кететін жайт, Иранда Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін Сауд Арабиясы мен аймақтағы басқа да сүнниттік мемлекеттер Хомейни радикалдық шииттік идеологияны бүкіл Таяу Шығысқа экспорттайды деп қауіптенді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу