Венгрияда ғалымдар қолдарына кітап ұстап шерулетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венгрияда ғалымдар қолдарына кітап ұстап шерулетті

13.02.2019

Олар үкіметтің Ғылым академиясын зерттеу және қаржыландыру жағынан оңтайландыру жоспарына қарсылық білдірді. Наразылық акциясына шыққандар билікті бұл өзгерістен экономикалық пайда табуды көздеп отыр деп айыптады.

Үкімет былтыр ұсынған жоспарға сай, зерттеу институттары қаражаттың бөлінуін өздері анықтамай, барлығы тендер арқылы шешілуі керек. Ал, ғалымдар болса, бұл Венгрияның ғылыми қауымдастығына қауіп төндіріп отыр деп мәлімдеді. Бірақ ел президенті Виктор Орбан өзінің веб-сайтында жазған ашық хатында Венгрияның зерттеу жүйесі экономикалық пайда әкелмей отырғанын алға тартқан.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу