Кашмирде көлік жарылып, 41 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кашмирде көлік жарылып, 41 адам қайтыс болды

15.02.2019

Кашмирдің үндістандық бөлігінде көлік жарылып, 41 адам мерт болды. Жанкешті жеңіл машинаны полиция қызметкерлері мінген автобусқа апарып соққан. Бұл шабуыл үшін Үндістан Пәкістанды айыптап отыр. Алайда, ресми Исламабад мәлімдеме жасап, өзіне тағылған кінәні жоққа шығарды.

Екі мемлекет те негізінен мұсылмандар тұратын Кашмирді өз жері деп есептейді. Бірақ Дели мен Исламабад бұл провинцияны жартылай ғана бақылап отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу