АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласында атыстан 5 адам жараланып, шабуылшы қаза тапты. Ол қаруланып, дүние тонауға барып, полицияға оқ атқан. Нәтижесінде оқиға орнындағы аялдамада автобус күтіп тұрған бейкүнә адамдар оққа ұшты. Қазір олардың төртеуінің жағдайы қалыпты, біреуі ауыр халде. Әзірге оқиғаның нақты себептері белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.