Иранда «Фатех» деп аталатын жаңа сүңгуір қайық жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда «Фатех» деп аталатын жаңа сүңгуір қайық жасалды

18.02.2019

Оны таныстыру рәсіміне ел президенті Хасан Рухани қатысты. Салмағы 600 тонна тартатын субмарина 200 метрден астам тереңдікте жүзіп, су астында 5 аптаға дейін бола алады. Ол заманауи қару-жарақпен жабдықталған: оның су астында шабуылдауға мүмкіндік беретін торпедасы, теңіз минасы, қанатты ракетасы бар.

Айта кетсек, Иран АҚШ-тың санкцияларынан кейін әскери өнеркәсібін күшейтіп отыр. Бұған дейін Ислам Республикасы радарда көрінбейтін сүңгуір қайығы мен 2000 шақырымға жететін ракеталары барын мәлімдеген болатын.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу