«ДАИШ»-қа қарсы шабуылдар жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ДАИШ»-қа қарсы шабуылдар жалғасып жатыр

19.02.2019

Сирияның шығысында күрд отрядтары «ДАИШ»-тың соңғы анклавын алу операциясында басымдыққа ие болды. Қақтығыс аймақтары қазір Ирак шекарасы маңында Бағоз деген ауыл үшін жүріп жатыр. Алайда, экстремистердің арасында бейбіт тұрғындар да болғандықтан, күрд жасақтары бұл операцияны абайлап жүргізуге мәжбүр. Әлем ақпарат құралдарының хабарлауынша, «ДАИШ» Сирияның орталығындағы шөл далада да аз ғана аумақты әлі ұстап тұр. Ал, оның Ирактағы мүшелері ірі қалаларға кетіп, жергілікті халықпен араласып кеткен. Осыдан 4 жыл бұрын «ДАИШ» Ирак пен Сирия жерінің үштен бір бөлігін басып алған еді. Қазір бұл экстремистік топта территорияға билік ететін шама қалған жоқ.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу