Инновация бойынша еліміз әлемдік рейтингіде 31-орынға көтерілді.
Бұл туралы «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингінің басқарушы директоры Қаныш Төлеушин айтты.
Оның пікірінше, «Үдемелі индустриалық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасының бастапқы 5 жылы табысты болды.
Сондықтан, Қазақстан Әлемдік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде «Инновация» саласының озық отыздығына бір табан жақындады.
Алмат ӘБДІРАМАН