«ДАИШ»-тың бақылауындағы ауылдан 2 мыңнан астам бейбіт тұрғын шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ДАИШ»-тың бақылауындағы ауылдан 2 мыңнан астам бейбіт тұрғын шығарылды

22.02.2019

Осылайша АҚШ-қа арқа сүйеген күрд жасақтарына Бағоз елді мекеніне бекінген жиһадшыларды батыл шабуылдауға мүмкіндік туып отыр. Айта кетсек, осыған дейін экстремистер бұл соғыста адамдарды тірі қалқан ретінде пайдаланған.

Жалпы алғанда, Ирак шекарасы маңындағы Бағоз ауылынан 20 мыңнан астам бейбіт тұрғын қашқан. Олардың көбі – әйелдер мен балалар.

Бұл ауылдан айырылса, «ДАИШ» территориялық жеңіліске ұшырап, Америка әскерін Сириядан шығара бастауға жол ашылады.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу