Бұл жағдай елдің солтүстігіндегі 1 миллиондай адамға ашаршылық қаупін төндіріп тұр. Соңғы жылдары елде су тасқыны, циклондар бірнеше мәрте болды. Сондай-ақ, ұзақ уақыт бойы жауын жаумай, қуаңщылық мерзімі жиі қайталанған. Экологтар мұның себебін климаттың өзгеруімен байланыстырады. Гуманитарлық жағдайды елдегі қарулы қақтығыстар да нашарлатып жіберді. Қайырымдылық ұйымдарының мәліметінше, Сомалиде 4,2 млн тұрғын шұғыл көмекке зәру.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.