Бұл маневр Парсы шығанағындағы Ормұз бұғазында өткен. Тегеран осыған дейін АҚШ дұшпандық әрекетке барса, Ормұзда мұнай өтетін жолды жабатынын ескерткен-ді.
Иран мұндай қадамға елдің энергетикалық шикізаты Американың санкциялары кесірінен сыртқы нарыққа шыға алмай қалғанда бармақ. Тағы бір айта кететін жайт, Иранның ракеталық бағдарламасы Құрама Штаттар мен Еуропа елдерін көптен бері алаңдатып келеді. Алайда, Ислам Республикасы мұндай арсеналдың ел қорғанысына қажеттігін алға тартып келеді.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.