Израильде күйік пен жараны емдейтін құрылғы жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильде күйік пен жараны емдейтін құрылғы жасалды

25.02.2019

Ол ойыншық тапанша сияқты. Бұл аппарат жараға мөлдір полимерді бүркіп, оны терінің түсімен теңестіреді. Ал, жара жазылғанда полимер өздігінен сыдырылып, түсіп қалады. Осылайша зақымдалған теріні жылдам әрі ауыртпастан қалпына келтіреді. Дәрігерлердің айтуынша, бұл - инфекциялармен күресте таптырмайтын құрал. Яғни, ол тұрғанда зақымданған жерді дәкемен таңып қажет емес.

Жаңа құрылғының тоғызы Израиль мен Еуропа ауруханаларына тегін таратылыпты. Ал, жаппай сатылымға ол 2019 жылдың жазында шығарылмақ.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу